Павлодар облысының Ертіс аудандық соты баласы өзінікі емес екенін айтып, соған байланысты алимент төлеуден бас тартатын айтқан ер адамның арызын қарады.
Сот кезінде күтпеген оқиға орын алды деп хабаролады Рavlodarnews.kz.
Алимент төлегісі келмеген соң осындай әңгіме шықты деп ойлаған жұрт. Алайда әңгіме басқаша болған. Әйелімен ажырасып кеткен соң 6 жылдан кейін ер адам баласына күдік келтіреді. Оған 3 жыл өзі бағып өсірген баланың әйелі бүгіндері тұрып жатқан ер адамға қатты ұқсайтындығы себеп болған. Егер ол шынымен де менің балам болмаса, мен неге оған алимент төлеуім керек деген оған ой келеді.
– Аудандық сот әкесі екендігі туралы мәліметті жою туралы ер-азаматтың арызын қанағаттандырды. баланың туу туралы куәлігінен оның тегі алынып тасталсын. Оған қоса баланың шешесі соттың барлық шығынын өтеуі тиіс, – деді облыстық соттың баспасөз хатшысы әйгерім Сүлейменова.
Сот үкімі заңды күшіне енген.