Еліміздің бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовтің түрмеде бірнеше жігітпен бірге спроттық киімде түскен суреті әлеуметтік желіде таралып жатыр. Фотоның астыңғы бұрышына “АК-159/18” футбол командасы (Ортада Серік Ахметов) деп жазылған.
Оны Ayan Sharipbayev есімді Фейсбук қолданушысы өз парақшасына жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.
Серік Ахметов қазір Қарағанды облысының Қарабас елді мекеніндегі АК-159/18 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатыр.