Әйелін өлтіріп, басын тоңазытқышта сақтаған қылмыскер ол кезде есірткінің буына мас болғанын сотта мойындады.
Бұл туралы Daily News жазды.
Қанды оқиға АҚШ-тың Техас штатында болған. Есірткіге әбден еліткен Дэвид Даюзат әйеліне пышақ ала жүгіріп, оны 40 жеріне сұққан. Әбден қансырап өлген әйелдің басын кесіп алған ол оны тоңазытқышқа барып салған. Сот оны 52 жыл бас бостандығынан айырды.
“Қызым секілді мұның да ұзақ қиналып өлгенін қалаймын” деп жылады қаралы ана сот залында.
Енді Даюзат темір тордың арғы жағында тәртібі жақсы болса да мерзімінен бұрын босатуға тек 26 жылдан кейін ғана өтініш жасап, арыздана алады екен.