Нұр-Сұлтан
Қазір
-9
Ертең
-10
USD
515
-0.96
EUR
537
-0.28
RUB
5.18
+0.01

“Есексің…”. Айсәуле Бақытбек Жан Ахмадиевті сыбап тастады

Оларға елдің не ойлайтыны бәрібір екен. Бірақ менің достарым қатты ыңғайсызданып қалды. Олардың көңіл-күйі түсіп, саунаға келген қазақ қыздары үшін ұялып қалғанын көрдім.

Мұны неге айтып отырмын? Менің айтпағым – ер адамдардың да түр-түрі болады. Бірақ екіге бөліп қарасақ, бір тобын нағыз ер-азамат, екіншілерін солай көрінгісі келетіндер деп бөлер едім”, – деп жазады Айсәуле.

 

https://kaz.365info.kz/akhsh-ta-zhyrgen-ajsaule-bakhytbek-bolashakh-kyjeuin-korsetti-297591

Айтуынша, жуырдағы Жан Ахмадиевтің әрекеті оны ашуландырған.

 

https://kaz.365info.kz/syjiktisi-satyp-ketti-bakhytbek-esentaevtyn-khyzy-men-kharyndasy-elden-komek-syrap-zhatyr-255537

“Ол видеоны көріп, бұл еліміздегі ерлер арасындағы кең таралған дертке шалдыққан дер едім. Ол елге керемет болып көрінгісі келіп, өзінің әйеліне қысқа кигізбейді.

Олардың дұрыс өмір сүруіне мүмкіндік бермейді. Шын мәнінде, ол өз-өзіне сенімсіз бейшара, ал әйелдері көре алмайтын қызғаншақ болып келеді. Онда еркектерді күнде көремін және іштей жек көремін. Олар да, сәйкесінше мені, жалпы өзін қорғай алатын әйелдердің барлығын жек көреді.

Бірақ нағыз ер-азаматты алыстан танисың. Менің достарым қазақ қыздарының әрекеттері үшін ұялды, бірақ өмірден таяқ жеген қыздарды ренжіту туралы ойламады да”, – дейді Бақытбектің қызы.

Сонымен бірге, Айсәуле жезөкшелерді сабаған “видео авторын еркек емес – есек” деп атады.

 

 

 

https://kaz.365info.kz/sen-kimsin-sonsha-zhezokshelerdi-sabagan-zhan-ahmadiev-bayan-alagozovaga-zhauap-berdi-308194

Еске салсақ, бұдан бірнеше бұрын Жан Ахмадиев Алматыдағы Сейфуллин көшесінің бойында тұрған қыздарды қамшымен сабап жазаламақ болған. Оның бұл әрекетіне қоғам белсенділері, журналистер қарсы шығып, түрлі жазбалар қалдырған еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз