Ресей түрмесінде жасасын өтеп жатқан қылмыс әлемінің серкесі Леха Семейский деген атпен танымал Айтқали Маймушевтың денесі табылды. Айтқали Маймушев жазасын өтеп жатқан қатаң режимдегі түзеу колониясында асылып қалған.
Маймушев 2023 жылдың желтоқсан айынан бастап Карелия Республикасында болған. 2023 жылдың 10 шілдесінде Мәскеу қалалық соты оны қылмыстық мәртебесі және есірткіні заңсыз сақтағаны үшін тоғыз жылға бас бостандығынан айырған.
Қылмыс әлемінің беделді өкілі 1958 жылы Семей қаласында дүниеге келген, бала кезінен балалар үйінде тәрбиеленген. Жасөспірім кезінен қылмыстық жолға түскен. Алты рет сотталып, бұзақылық, бопсалау, ұрлық, қару-жарақ пен есірткі заттарын заңсыз айналымға енгізу істері үшін сотты болған.
Оны 1997 жылы Мәскеуде «ұрылар отбасының» құрамына қабылдап, бүкіл Қазақстан бойынша «қарауыл» ретінде тағайындаған. Сондай-ақ, ол Сібір мен Қиыр Шығыстың қылмыстық істерімен тығыз байланысты болған. 2022 жылдың қаңтарында Леха Семипалатинский Мәскеудің бір барында ұсталды. Жеке тінту кезінде одан метадон табылған.