Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
28
USD
515
-4.03
EUR
583
-5.50
RUB
6.35
-0.04

Семейде оқушылар үшін сабақ тоқтатылды

Бұл ақпаратты Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті таратты.

“Білім басқармасының мәліметінше, 2018 жылдың 26 қарашасы күні Семей қаласында көктайғаққа байланысты бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушыларына, сондай-ақ Жарма ауданында бірінші ауысымдағы 1-11 сыныптар үшін сабақ болмайды”, – делінген таратылған ақпаратта.

Айта кетейік, Семей қаласында көктайғаққа байланысты 24 қараша күні екінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары оқыған жоқ.

“Қазгидромет” РМК-ның ШҚО бойынша филиалы 24-25 қараша күндері өңірде жауын жауып, көктайғақ болатынын, жекелеген аумақтарда бұрқасын мен тұман күтілетінін хабарлаған еді. Желдің екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с жетті. Ауа райының қолайсыздығына байланысты облыста бірнеше күннен бері автожолдар жабылуда.

Серіктестер жаңалықтары
загрузка...
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз