Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Семейде бір тәулік ішінде қар құрсауында қалған 150-ге жуық адам эвакуацияланды (фото)

9-ақпанда Семей-Қайнар авто жолында Семей қаласына 3 шақырым жетпей қар құрсауында қалған адамдарға құтқарушылар көмекке келді. Дауылдық ескертулерге қарамастан бірнеше жеңіл көлік жолаушыларымен жолға шыққан, қатты жел салдарынан жол жүру мүмкін болмай жүргізушілер мен жолаушылар құтқарушылардан көмек сұрады. Құтқарушылар күшімен оқиға орнынан 24 адам эвакуацияланды, оның екеуі бала, сондай-ақ 9 бірлік техника қар құрсауынан шығарылды. Медициналық көмек ешқайсысына қажет болмады.

9-ақпанда қаладан 52 шақырым жерде орналасқан Талица ауылына ес-түссіз жатқан әйелге медициналық көмек көрсету және қалаға жеткізу үшін жедел жәрдем көлігімен семейлік құтқарушылар бірге шықты. Дегенмен, қардың қалындығына байланысты көліктер діттеген жерге жете алмағандықтан, 7-ӨСБ құтқарушылары шынжыр табанды көлікпен көмекке барып, дәрігерлер ауыр техникамен ауыл ішіне дейін жеткізілді, сырқат адамды жедел жәрдем көлігіне салып, қалалық емханаға дейін құтқарушылар ілесе шығарып салды.

Сондай-ақ, Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстар қызметінің жеке құрамының 5 қызметкері Семей қаласынан 20 шақырым жерде Семей-Алматы авто жолдарында қар құрауында қалған «Талдықорған – Семей» халықаралық автобусынан 25 адам және жеңіл көліктерден 35 адам, барлығы 60 адамды көшірген, оның 7-і – бала.

Семей қаласынан 60 шақырым қашықтықта Семей-Қарауыл трассасында қалған қалаға Камаздың 2 жүргізушісі жеткізілді. Семей қаласынан 40 шақырымдағы Семей-Өскемен трассасынан 7 адам көшірілді, бірақ трассада батқан көліктер көп болғанымен көбі мүліктерін тастағысы келмегендіктен, көмектен бас тартты. Семейлік құтқарушылармен бір тәулік ішінде жалпы есеппен 127 адам және 9 бала құтқарылып, қар құрсауынан эвакуацияланды. Қаза тапқандар және зардар шеккендер жоқ.

Құтқарушылар ауа райының қолайсыз болуына байланысты уақытша алыс жолға шықпауға және жолға шығар алдын көліктің техникалық жағдайын тексеруге, сонымен қатар, дауылдық ескертулер туралы ақпараттарға құлақ салуға кеңес береді.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз