Нұр-Сұлтан
Қазір
-18
Ертең
-7
USD
435
+0.42
EUR
494
+3.77
RUB
5.81
+0.03

Саясаттанушы: Өзбекстаннан орыстар қаша бастайды

Ә. Ғали ел басшылығына И. Кәрімовтің қызы Л. Кәрімова-Тилляева келгенімен, ол елдегі тұрақтылықтың сақталуына кепіл бола алмайтынын айтады. «Өзбекстанның қазіргі заман тарихында жаңа кезеңі басталды дей бер. Билікке келесі диктатор келу керек еді, әйтпесе дүрбелең кезеңі басталады. Бірақ Лола билікті Өзбекстанда ұстай алмайды. Екі-үш айдың ішінде билікті қайта бөлісу басталады. Бұл күреске Тәшкен мен Самарқанның студенттері мен ересек оқушылары да қатысады. Лола тек өтпелі кезеңде биліктің басында тұрушы. Басқару вертикалі босаңси бастайды. Экономикалық және әлеуметтік келеңсіздіктер бетке, көшеге шығады. Ислам Кәримовтың кезінде жағдайымыз нашар болды дейді көпшілік сөзі: бұл Лола кетсін деген сөз», – дейді ол.

Саясаттанушы елдегі шиеленіске нарықтық қатынастардың әділ принциптері орнамағандығы себеп болатынын айтады.

«Өзбекстанда нарықтық қатынастар жеткіліксіз көлемде енген. Либералдық еркіндік тіпті аз. Әкімшілік шектеу көп. Қышлақтан қалаға, Самарқанға, Ташкенге көшу, бару, тұру үлкен қиындық туғызады. Ресейге кету қиын, Ресейден келсең тонайды. Осыдан былай Халық коррупциямен күресуді ту ғып көтереді. Бірнеше коррупциянер фамилиялары аталады.Корейлер мен орыстар Өзбекстаннан қашады. Бізді иммиграциялық режим қатаңдау керек. Тек оралман қазақты қабылдау керек», – дейді Ә. Ғали.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз