Эр-Риядта зайыбын босандырған дәрігерге оқ атқан ер адам қамауға алынды, деп жазады Gulf News. Баланың әкесі бұл процедураны әйелдің өткізгенін талап еткен.
Басылым бала дүниеге келген соң доктор Мұханнаду әл-Забнға атқарған жұмысы үшін алғыс білдіргісі келетінін айтқан ер адам жолыққанын хабарлайды.
Дәрігер ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде оның денсаулығы қанағаттанарлық деп бағалануда. Шабуыл жасаған ер адам ұсталды.