Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Сау екен”. Елубай деген кісі дәрігерлердің қателігінен 15 жыл өмірін жындыханада өткізді

Кейінірек медбикелердің бірі және туысының көмегімен ер адам Павлодар қаласындағы психиатриялық диспансерге ауысады. Сол кезде тәуелсіз сарапшылардың тексеруінен өтуді жөн көріп, Мәскеу қаласы ҒЗИ мамандары Елубайдың дені сау деген қорытындыға келген.

Сөйтіп, Павлодар қаласында облыстық психоневрологиялық диспансерге сарапшылардың қорытындысын көрсетеді.

“Мұнда да сараптама жасалып, сау екенін растаған”, — деп түсіндірді науқастың заңды өкілі Айгүл Ырғыбаева.

Оның сөзіне сүйенсек, Павлодардағы комиссия тексеру жүргізіп, ер адамды босатыпты.

1991 жылы Елубай дәрі-дәрмексіз, психиатриялық көмексіз жаңа өмірге қадам басады. Мұндай істердің ешқашан ескірмейтінін біліп, кінәлілердің жазасын бергісі келген екен. Ер адам соттан дені сау кісіні не себепті жүйке дертіне шалдықты деп көрсеткісі келгендерін анықтауды сұрайды. Зейнеткер Атырау және Павлодар диспансерлерінен 3 миллион теңге өндіріп алып, қайырымдылық мақсатында жұмсамақ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз