Барнауыл тұрғыны Қазақстан азаматынан 115 мың доллар жымқырды деген айыппен сотталып жатыр.
Бұл туралы “Алтайская правда” басылымына сілтеме жасап, Тengrinews.kz хабарлады. Прокурордың аға көмекшісі Евгений Плехановтың айтуынша, айыпталып отырған ер адам осыған дейін сотты болмаған және оның тұрақты табыс көзі болмаған.
“Ол 2016 жылдың қаңтар айында қазақстандыққа салмағы шамамен 4,5 келі болатын мысты алтын деп сатып алдап кеткен. Зертхана сатылған дүниені мыс пен мырыштың, қорғасын мен алюминийдің негізінде жасалған металл қорытпасы екенін айғақтады. Осылайша ол “сатып алушыдан” 115 мың доллар алып кеткен”, – деді прокуратура өкілдері.