Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Satbayev University жатақхана былығына қатысты жауап берді

Оқу орнының хабарлауынша, биыл 2,5 мың студент бакалавриатқа оқуға түскен.

«Биыл оқуға түскен студенттердің саны былтырғыға қарағанда 2 есе көп. Ал жатақханаларда барлығы 2000 орын бар. Сондықтан, оқу орны шұғыл түрде студенттерді орналастыру жолын іздеді. Осы мақсатта оқу залына бірнеше төсек қойып, студенттерге жағдай жасауға тура келді. қазір бұл мәселені шешіп жатырмыз.

Атап айтқанда, Алматыда Ладыгин, 34 мекенжайында жаңа жатақхана салуға рұқсат алдық. Бұл рұқсат қағазын алу үшін 2 жылдай уақыт кетті. Сонымен қатар, университетке тиесілі №9 жатақхана ТЖД тарапынан «сейсмикалық тұрғыдан қауіпті» деген желеумен жабық тұр. Біраз уақыттан соң ол жатақхана сүріліп, орнына жаңа ғимарат бой көтереді»- деді баспасөз қызметінен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз