Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Сапарбаев ардагерлерге берілетін материалдық көмектің бірдей бөлінбейтініне ашуланды

Алға, Мәртүк, Мұғалжар және Хромтау аудандарында 100-120 мың теңге көлемінде төлейміз деп шешілген.

Облыс әкімі мұндай шешімді сынап тастады.

«Қандай принциппен бір ардагерге 300 мың, екіншісіне 100 мың теңге беру керек деп шештіңіздер? Барлығы 300 мың теңгеден алу керек. Бұдан бөлек ардагерлерге көңіл бөліп, қамқорлық тануымыз керек. Оларға азық-түлік себеті және тағы басқа сыйлықтарды беру қажет», – деді Сапарбаев.

Айта кетейік, Ақтөбе облысында соғысқа қатысқан 63 ардагер мен мүгедек және 6 258 тыл еңбеккері бар.

Астанадағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері 511 мың 135 теңгеден алады. Ал, Алматыда Жеңіс күніне орай ардагерлерге

150 мыңнан 250 мың теңгеге дейін, ал оларға теңестірілген тұлғаларға 30-50 мың теңге көлемінде төлемақыны жоғарылатады. Сонымен қатар әкімдік ардагерлердің айсайынғы коммуналдық төлемдеріне көмек ретінде берілетін соманы 13 220-ден 15 630 теңгеге дейін өсіреді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз