Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Санитарлық авиация орталығы East Wing компаниясын неге таңдағандарын айтты

Бүгінде біз жұмыс істейтін әуе компания аз, 10 компания. Біз “Қазавиақұтқару” АҚ” компаниясымен жұмыс істейміз, барлық тікұшақты солар береді”, -деді республикалық санитарлық авиация орталығының директоры Нұржан Отарбаев

Сондай-ақ, Нұржан Отарбаев әуе тасымалдаушыларды қалай таңдайтынын түсіндіріп берді.

“Әуе кемелерін қалай таңдайтынымыз жайлы. Республикалық санитарлық авиация орталығы ұшу жарамдылығы туралы сертификаттары мен лицензиялары бар компанияларға шақырту жібереді. Кейінірек әуе компаниясы тарифпен келіссе, олар бізге барлық құжатын әкеледі”, – дейді ол.

Осыған дейін әуе апатынан қазақстандық белгілі дәрігер-профессорлардың қаза тапқаны хабарланған болатын. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 3 қазанда кешкі уақытта Алматыдан Шымкентке дәрігерлер бригадасы ауыр жағдайда жатқан жүкті әйелге көмектесу үшін аттанған. Еске салайық, 3 қазанда East Wing әуекомпаниясының АН-28 ұшағы ұшып шыққаннан кейін 12 минут өткенде радардан жоғалып кеткен еді. Кейін ұшақ Алматы түбінде өртеніп жатқан жерінен табылған. Бортта болған бес адам қаза тапқан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз