Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Самұрық-Қазына” ұлттық қоры жұмысынан қаржылық заң бұзушылықтар анықталды

310

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

“Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін “Самұрық-Қазына” АҚ жарғылық капиталының өсіміне бөлінген республикалық бюджет қаражатын пайдалануына жүргізілген мемлекеттік аудит аясындағы тексерісте 2014 жылдың 30-қыркүйегінен 2016 жыл аралығындағы кезеңге Алматы – Шу және Боржақты – Ерсай деген екі теміржолға, Құрық портындағы паром кешенінің, сондай-ақ, “Қорғас – Шығыс қақпасы” арнайы экономикалық аймақтарын құруға әрі кешенді дамуына бөлінген 93 миллиард теңгеден аса қаражат қамтылды. Аудит 4 жоба бойынша қаржы-экономикалық негіздермен анықталған тікелей қорытынды нәтижелерге жетпегенін анықтады”, – деп мәлімдеді Есеп комитетінің өкілі Айгүл Мұхаметкәрім отырыс барысында.

Оның айтуынша, қаржылық заңбұзушылықтың жалпы сомасы – 1,5 миллиард теңге. Алты жүйелік жетіспеушілік, сондай-ақ, 86,1 миллиард теңге сомаға процедуралық заңбұзушылық анықталған.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Жолдауында Үкіметке “Самұрық-Қазына” холдингін сапалы түрде трансформациялау ісін жүзеге асыруды тапсырған еді. Сондай-ақ, басқарушылық және өндірістік бизнес үдерістерін толық ревизия мен оңтайландырудан өткізу қажет. “Нәтижесінде ол тиімділігі жоғары, жинақы және кәсіби холдингке айналуға тиіс. Менеджмент пен корпоративті басқару сапасын халықаралық деңгейге жеткізу керек”, – деген еді Елбасы Жолдауында.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз