Салық бойынша қарыздары бар тұлғалар банктерден есеп-шот аша алмайды, деп хабарлайды Алматының Медеу аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы.
1 шілдеден бастап Салық кодексіне енген өзгерістер бойынша,
енді екінші деңгейлі банктер салық, әлеуметтік төлемдер бойынша қарыздары бар ұйымдардың есепшот ашуына тыйым салуға міндетті.
Бұл дегеніміз, қарызы барлар ақша аудара алмайды, несие рәсімдей алмайды. Тіпті жұмысшыларына жалақы да төлей алмайды, өйткені бүгінде жұмыс берушілердің басым бөлігі жалақыны жұмысшының банктегі шотына аударады.
«Салықтардың төленбеуіне байланысты жайсыз жағдайларға тап болып қалмау үшін салық бойынша қарыздарды жақын күндерде төлеп тастауға шақырамыз», – дейді мекеме өкілдері.