Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
4
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

„Салтыңды қазақ жоймашы-ей!„. Қытайдағы қандасымыздың әні қабырғамызды қайыстырды (видео)

356

Мәтінін Қытайдағы қандас ақын Түселхан Әбеуұлы жазыпты, ал өлеңнің әуенін әншінің өзі құрастырған. Зор дауысты әнші Байболат Нұрболатұлына теріс отырған төрт қазы да дауыс беріп, оған бұрылды.

Қазақтың салтын, өнерін, атқа мінген ата-бабамызды, ең бастысы, ескінің көзі болған қадірлі ақсақалдарымызды, үлкендер киген ұлттық киімді жоқтаған қандасымыздың әнін тыңдаған құлақ оның бүкіл қазақтың қабырғасын қайыстыратындай екенін айта алады.

Өлеңнің арасынан жұлып алған мәтіндерді де келтіре кетелік:

… Қайда екен атамның
Түлкі, елтірі тымағы?

Бау-буында кішінің
Ит боп үрді-ау күшігің
Тайға жауып қойыпты-ей
Атам киген ішігін.

Бас тұр аман, жан бүтін
Қайран ба екен, бар ма екен?
Ішігін көрдім екен-ай
Шалбары қайда қалды екен?..

Шалбарын тігіп аламыз
Саптамасы қайда екен?..
Қайда қалды екен-ай
Атамұра қоймасы-ей…

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз