Өзбекстанның Ислам қозғалысының (ӨИҚ) бұрынғы лидері Тахир Юлдаштың ұлы Ауғанстанның солтүстік-батысындағы Сари-Пуль елді мекенінде жастарды “Ислам мемлекеті” экстремистік ұйымының қатарына тартып жүр деп хабарлайды «Ферғана» агенттігі Tolo News интернет-басылымына сілтеме жасап.
«Центр Гумилев» мәліметі бойынша, Сари-Пуль елді мекенінің губернаторы Мохаммад Захир Вахдат Тахир Юлдаштың ұлы біраз уақыт бұрын Сайёд және Коштеп уезіндегі шекара маңында жүр деп хабарлаған. Бірақ бұл ақпарат расталмаған.
Сари-Пуль губернаторы елде қалыптасқан жағдайға алаңдаушылығын білдіреді. Террористердің Кохистанат ауданында екенін айтқан ол шұғыл түрде кең көлемде әскери операция жүргізу керек дейді.