Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
13
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

Сайрагүл Сауытбай журналистермен кездесіп, бірқатар сұрақтарға жауап берді

 

https://kaz.365info.kz/sajragyl-sauytbajga-sot-ykimi-shykhty-325907

Арабша жазылған “Алла” жазуы Сайрагүлдің оң қолында, бас бармағының жоғарғы тұсында орналасқан. Бір қызығы, күйзеліске түсіп, қатты қиналған сәтте жазу кәдімгідей анық көрініп тұрады екен.

“Мен қатты қиналып, жылаған сәттерімде осы жазу бадырайып, анық көрінеді. Сол кезде өз-өзімді сабырға шақырып, еңсемді тіктеп аламын. Әлгі жазуды үш рет сүйіп қоямын.

“Алла Тағала төбемде тұр ғой, жыламайыншы, бәрі жақсы болып кетеді” деп өз-өзімді жұбатамын”, — дейді қандасымыз.

 

Сәуле Әбілдаханқызы да Сайрагүлдің қолындағы жазуды көргенде, таңданысын жасырмады.

“О бастан Алла Тағала сені бір миссияға дайындап, тағайындап жіберген сияқты… Демек біз Сайрагүлді қорғауымыз керек шығар”, — деді журналист.

Еске сала кетсек, екі жыл көрмеген отбасымен қауышу үшін шекараны заңсыз кесіп өткен қандасымыз Сайрагүл Сауытбайдың тағдырына барша қазақ жұрты алаңдаған еді. Қытай азаматын осы жылдың мамырында Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері “Қорғас кеден бекетін заңсыз бұзып өтті” деген айыппен үйінен ұстап алып кеткен.

Белгілі болғандай, ерлі-зайыпты Уәли Ісләм мен Сайрагүл Сауытбай екі баласымен бірге Қазақстанға 2016 жылы көшіп келгісі келіпті. Алайда Сайрагүл Сауытбайдың Қытайда мемлекеттік қызметте істеуіне байланысты жергілікті билік паспортын алып қойған. Сондықтан ол Қазақстан азаматтығына құжат тапсыра алмайды.

Этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайға қатысты сот үкімі 1 тамызда шықты. Алматы облысының Панфилов аудандық соты қандасымызды 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айырып, сот залынан босатты. Ол Қазақстан аумағынан шығарылмайды. Тек алты ай күйеуінің мекенжайы бойынша пробациялық бақылауда болады.

 

https://kaz.365info.kz/kreditke-kirdik-akhzharkhyn-tyrlybajdyn-anasy-khyzyna-bajlanysty-shyndykhty-ajtty-326380

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз