Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Премьерді көруге асыққан депутат жол апатына ұшырап, екі адамды мерт қылды

Бұл туралы “Уральская неделя” басылымына марқұмдардың туыстары хабарлады.

Еске салайық, қайғылы жол апаты 29-наурызда Оралда Жәңгірхан мен айналма жолдың қиылысында таңғы уақытта болған. Полицейлердің тіркеген мәліметіне сүйенсек, Toyоta Land Cruiser 200 мінген депутат қосалқы жолақпен келе жатып, басты жолда келе жатқан 22 жастағы Вячеслав Лопухиннің тізгініндегі “Лада Приора” көлігіне жол бермеген. Жеңіл көлікте 63 жастағы әжесі Надежда Кондрашкина да болған. Жол талғамайтын көлік “Приораны” соғып, бірнеше метрге сүйреп апарады. Лопухин мен әжесі ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген, ал келесі күні қайтыс болған. Депутаттың өзі зардап шекпеген.

Басылым тілшілері Үлкен Шаған ауылындағы Лопухиндер әулетінің үйіне барды. Туыстарының айтуынша, қайғылы оқиға болған күні Вячеслав әжесін Самарадан үйіне алып келе жатқан. Надежда Кондрашкина зейнетке шықпас бұрын ауылда көп жыл бойы тіс дәрігері болып қызмет еткен. Вячеславтың әкесі Владимир Лопухин 29-наурызда күндіз облыстық ауруханаға қайың атасы Юрий Кондрашкинмен бірге келгенін, сол кезде олармен Хайдар Қошановпен кездескенін мәлімдеді.

“Өз өзін таныстырып, кешірім сұрады, сосын оқиғаны өз мойнына алатынын айтты. Бүгін оның атынан әйелдер келді, кәсіпорынның есепшілері ғой деймін. Көңіл айтып, ақша беріп кетті”, – деді марқұмның әкесі.

Марқұм Надежданың күйеуі Юрий Кондрашкиннің айтуынша, жол талғамайтын көліктің соққысы қатты болған.

“Көлікті көргенде, есеңгіреп қалдық. Көліктің жүксалғышында консервтер болған, олар езіліп қалған.

Ауруханада дәрігерлер әйелімнің аяқ-қолы сынғанын, ішкі органдарына зақым келгенін және мұндай жарақат алған адамды құтқару мүмкін емес екенін айтты”, – деді ол.

Сондай-ақ, Владимир Лопухиннің айтуынша, ауруханада полиция қызметкерлері оған Хайдар Қошановтың наркологиялық қорытындысын көрсеткен. Жол-көлік оқиғасы кезінде депутат мас болмаған.

“Полицейлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасы қиылыста тұрған бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Видеода джиптің Орал арқылы жаңа көпірден келе жатқаны көрінеді, менің балам тасжолмен қала жақтан келе жатқан. Полицейлердің айтуынша, жол талғамайтын көлік жүргізушісінің кінәсі айдан анық көрініп тұр. Сол адамның өзі де бірнеше рет кінәні өз мойнына алатынын айтты”, – деді ол.

Хайдар Қошанов – “Болашақ-Т” ЖШС құрылыс компаниясының құрылтайшысы. Басылымның мәліметінше,

29-наурызда депутат премьер-министр Бақытжан Сағынтаев сапарлап келетін кәсіпорынға бара жатқан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз