Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев EXPO-2017 көрмесін өткізуге көп қаражаттың жұмсалып жатқанына қатысты сынға жауап берді.
Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
“Алда үш ай EXPO көрмесін өткізу керек. Мен түсініп отырмын, адамдардың көпшілігі неліктен сонша қаражаттың жұмсалғанын түсінбей жатады. 13 миллиард теңге бар, оның ішінде Алматыдағы Универсиада ойындарын өткізу барысында үнемдеген 4 миллион теңге бар. Сол үнемдеуден Алматы туралы қандай әсер қалды? EXPO көрмесін өткізу Астанаға ғана емес, бүкіл елге әсер етеді. Сондықтан бұл көрмені жоғары деңгейде өткізіп, еліміздің беделін көтеретін айтулы шара етіп өткізу керек. Меніңше, біз EXPO-ны өте жоғары деңгейде өткіземіз”, – деді Сағынтаев үкімет отырысы барысында.
“Сәйкесінше қаулы дайындап қойыңыздар, ұзаққа созбай премьер-министрдің кеңсесіне әкеліңіздер. Содан Алматы әкімдігімен біріге отырып құрылған спорт ғимараттары мен нысандарын әрі қарай қолдану мәселелерін шешу керек. (…) Әсет Өрентайұлы (Астана қаласының әкімі Исекешев – автор.), сіз министрлікпен және Бауыржан Қадырғалиұлымен (Алматы қаласының әкімі Байбек – автор.) сөйлесіп, олардың осы жұмысты қалай жүргізгенін біліп алуыңызды сұраймын. Себебі Астанада мұндай нысандар өте көп, тәжірибемен бөлісу керек”, – деді Сағынтаев.