Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Сабап, зорлаған…”. Туған әкесін жабылып өлтірген апалы-сіңлілі қыздардың анасы сұқбат берді

Таяуда қыздардың анасы – 39 жастағы Аурелия Дундук “Андрей Малахов. Прямой эфир” бағдарламасына келіп, сұқбат берді. Онда ол соңғы жылдары неліктен қыздарымен бірге тұрмағанын, отбасынан кетуге не мәжбүрлегенін түсіндірді.

Әйел Михаил ұрып-соғып, өлтіремін деп қорқытқанын айтты. Ол ұзақ уақыт шыдап баққан, алайда ақыр соңында кетіп қалуға шешім қабылдапты. Балаларын күйеуі жібермеген.

“Мені атып тастаймын деп қорқытты. Онымен бірге зомби секілді өмір сүрдім: адамдарды көрмедім, айналадағы ешқандай жақсылықты, қуанышты байқамадым. Тозақтан жаман болды.

https://kaz.365info.kz/kharataban-khazakhkha-khyz-bermejmiz-khozhalar-khazakh-balasy-ajbarga-khyzyn-bermej-khojgan-327140

Менің жеке өмірім болған жоқ. Бастан ұратын әдеті бар еді. Иә, шыдадым, мәжбүр болдым, өйткені балаларымды менен басқа қорғайтын ешкім болмады. Ешқашан оларды ренжітуіне жол бермедім, бар қиындықты өзіме алатынмын”, — деп шынын айтты Аурелия.

Оның айтуынша, отбасы үйрейде өмір сүрген.

Күйеуінен кетіп қалған сайын, Хачатурян оны іздеп тауып, қайтарып әкеліп отырған.

“Бұл жолы қызық болды, ол мені тауып алатын шығар деп ойлағанмын. Бірақ ол мені сол күйі іздеген жоқ. Алайда ол балаларға тиіседі деген ой үш ұйықтасам түсіме кірмепті”, — дейді апалы-сіңлілердің анасы.

https://kaz.365info.kz/tochno-ajgyl-imanbaevanyn-tyrmyskha-shykhkhaly-zhatkhanyn-el-zhelidegi-suretten-bilip-khojdy-foto-327087

Дундук сондай-ақ өз балаларымен болған қысқа әңгімелер жайлы айтып берді.

“Олар: “Анашым, бұл сұмдық, әрі қарай білмей-ақ қойғаның жақсы” дейтін. Олар маған нақты ештеңе айтқысы келмеді. Мен әкесі туған қыздарын зорлап жүргенін білген жоқпын, туған әкесі бұлай жасайтыны ойыма кіріп-шықпады”,

— деді ол студияда.

Апалы-сіңлілер анасына шағымданбаған: “Олар бәрін жасырды. Мен балаларым үшін неге болса да дайын екенімді білді”.

Әйел Михаил Хачатурян мүлікті қыздарының атына рәсімдемегенін атап өтті, деп жазды life.ru.

“Барлық ақша, ірі сомалар оның анасы мен әпкесінің атына рәсімделген. Ал олар қазір қандай да бір оңбаған үшін түрмеде отыр. Одан да мені өлтіргені жақсы еді. Қыздарым азап шегіп жатыр”, — деп ашынды Аурелия.

https://kaz.365info.kz/sharshap-kettim-zhas-futbolshy-aleumettik-zhelide-elmen-khoshtasyp-ozine-khol-saldy-327031

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз