Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Сабаңдар оны”. Алматыда балаға таласқан әйел бұрынғы күйеуін итше тепкілетті

Оқиға 13-мамырда болған. ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, полицияға “Мамыр” ықшамауданынан шақырту түскен. Ер адам басы жарақаттанып, есінен танып қалған. Оқиға орнына жедел жәрдем мен полиция қызметкерлері шұғыл келіп жеткен.

ІІД мәліметінше, бастапқыда атыс болды деген хабар тараған. Алайда бұл мәлімет расталмады, себебі ешкім оқтан жарақат алмаған. Ал ер адамның басына тоқпақ тиген. Сөйтсек, оқиға орнында отбасылық жанжал шығыпты.

Ажырасқан ата-ана балаға таласыпты. Бұл мекен-жайда баланың әкесі, інісі және баланың өзі тұрады екен. Әкесі жоқта әйелі баланы тартып алу үшін нөмірі жоқ Mercedes Gеlendwagen көлігімен екі ер адамды ертіп әкелген. 2017 жылғы баланың шешесі келгенде әкесі үйде болмаған. Айқай-шу кезінде ер адам үйге келген. Бұдан кейін әйелмен бірге келген ер адамдардың бірі көліктен битаны алып, баланың әкесін сабаған. Ер адам талып қалған, ал әйел мен екі ер адам қашып кеткен.

“Бұл дерек сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша тіркелді, зардап шеккен адам №7 қалалық ауруханаға жеткізілді, ол есін жиып, одан жауап алынып жатыр. Арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, күдіктілерді ұстау тапсырылды”, – деп хабарлады Салтанат Әзірбек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз