Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Саакашвили Украинада президент болғалы жүр ме?

«Қазіргі биліктің соңғы қысы» деген ұранмен өткен акцияда Михаил Саакашвили Украинада кезектен тыс сайлау өткізуді талап еткен. Оның айтуынша қазіргі билікте өтірікші һәм жемқор шенеуніктер өте көп. Сондықтан да ол «бұдан былай украин халқы елдің қай бағытта дамитынын өзі дербес айқындайды», ал үкімет «олигархтар алдында емес, ел алдында есеп беретін болады» деп отыр.

Естеріңізде болса қарашаның 7-і күні Саакашвили Одесса облысы губернаторы қызметінен отставкаға кететінін мәлімдеді. Оның мұндай қадамға баруына Петр Порошенконың жемқорлыққа қарсы күресте немқұрайды болып отырғаны себеп болған. Ал президент Саакашвилиді Украина азаматтығынан айырып, Грузияға экстрациялауы мүмкін деген ақпарат шықты.

Осы ретте президент пен экс-президенттің арасындағы теке-тірес неден басталды деген заңды сұрақ туындайды. Өйткені Порошенко Саакашвилиды өзіне шататтан тыс кеңесші етіп алып, іле-шала оны Одесса облысының бұрынғы губернаторы етіп тағайындаған болатын. Жақсы қарым-қатынастағы азаматтардың арасында алауыздықтың тұтануына не себеп?

Саясаттанушы Әзімбай Ғалидың айтуынша, Саакашвили Грузияны басқарып тұрған кезде өз еліндегі жемқорлықты жойып, халықтың қошеметіне ие болды. Енді ол Грузияда жасаған реформасын Украинада жалғастырып, аталған мемлекетті жемқорлықтан ада елге айналдырғысы келеді.

asimbay-galy

Әзімбай Ғали

– Саакашвили кезінде Украинада оқып, тәп-тәуір украин тілін меңгеріп алған азамат. Аваковпен дауласқанда оның «сенен қарағанда менің украиндығым басым» деп айтуы тегін емес. Ал Порошенко мен Саакашвилидің арасында үлкен түсінбеушілік жемқорлықтан бастау алып отыр. Мәселен, президент оған «Одесса облысындағы жең ұшынан жалғасқан жемқорлықты жоя алмадың» деп айып тағып жатыр. Ал Саакашвили «Жемқорлықтың көкесі Киевте тұр. Сондықтан жемқорлықты жою үшін ең алдымен сенімен күресу керек» деп отыр. Саакашвилидің ойынша, революция жалғасын тауып, қайтадан майдан жасау керек. Әйтсе де, украиндардың ішінде Саакашвилиды қолдайтын да, қолдамайтын да азаматтар бар. Себебі халық 2014 жылдан бері соғыс жағдайында өмір сүріп жатқаннан кейін ырың-жырыңнан шаршап кетті, – дейді Әзімбай Ғали.

Порошенко мен Саакашвили текетіресі немен аяқталуы мүмкін?

Бәлкім, президент Саакашвилиді Грузияға ұстап беріп, мәселені «оңтайлы» шешіп тастайтын шығар. Өйткені Грузия билігі бірнеше жылдан бері экс-президентті елдеріне қайтарып, жауапқа тарта алмай жүр. Сондай-ақ Саакашвилидің ең басты мақсаты не? Украинаның президенті болу ма, жоқ әлде елде жемқорлықты жою ма?

– Украина демократиялық мемлекет болғандықтан Порошенко  Саакашвилиды қуғындап, Грузияға экстрадициялап жібере алмайды. Мұны нық сеніммен айта аламын. Әйтсе де, Саакашвилидің мақсаты не деген сұраққа дөп басып жауап беру қиын. Дәл қазір ол Украинада жемқорлықты жою үшін күресіп жатыр. Ал оның президент болу ойында бар ма, жоқ па, ол жағы белгісіз. Өйткені украиндардың өз ішінде мықты-мықты ұлтшыл қайраткерлер бар. Сондықтан да ол президенттік сайлауға түскен күннің өзінде оның жеңіске жетуі екіталай – дейді саясаттанушы.

Иә, Грузияның экс-президенті Украинада «Рух новых сил» қозғалысын құрып, «Қазіргі биліктің соңғы қысы» деген ұранмен акция өткізді. Акцияның ақыры биліктегі Порошенконың соңғы қысымен аяқталама, жоқ әлде Саакашвили жеңіле ме? Бұл жағын дөп басып айту қиын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз