Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
8
USD
429
+2.03
EUR
500
+3.00
RUB
5.44
-0.06

Саңырауқұлақ теруге шығып, жоғалып кеткен петропавлдық қартты 150 адам іздестіріп жатыр

Іздестіруді және іздестіру топтарының өзара іс-қимылын жедел үйлестіру мақсатында 7 іздестіру тобы секторларға бөлінген жердің әрбір шаршы метрін қадам-қадаммен әдістемелік «шолып», қолжетімділігі қиын жерлерді қайта-қайта қарауда.

Топтар бір-бірімен үнемі радиобайланыс арқылы хабарласып отыр. Есіл өзені жағасына таяу орналасқан ормандар мен алқаптар тиянақты түрде қаралып, іздестіру операциясы басталғаннан бері 209 шаршы шақырым аумақ қаралды. Екі рет пилотсыз ұшу аппараты іске қосылып, іздестіру аумағын ұшып өтті.

«Күн сайын іздестіру операциясына 150-ге тарта адам қатысады, топтар арасындағы өзара іс-қимылдың жақсы деңгейін атап өткім келеді. Құтқару операциясының сәтті аяқталуына үміттенеміз»,- деді жағдай туралы айтқан штаб бастығының көмекшісі азаматтық қорғау майоры Болатжан Асқарбеков.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз