Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-6
USD
434
+2.67
EUR
490
+4.01
RUB
5.78
+0.09

Келесі отырыста қазақстандықтарға жер сату мәселесі талқыланады – Сағынтаев

«Елбасының тапсырмасымен құрылған жер реформасы жөніндегі комиссия өткен сенбіде өз жұмысын бастаған болатын. Сол бір апта аралығында атқарылған іс-шаралар туралы мәлімет берейік деп отырмыз.

Өткен сенбідегі отырыста айтылғандай, ауыл шаруашылығы министрлігі жанынан штаб құрдық, сол штаб өз жұмысын бастап кетті. Жəне комиссияның хатшылығы да өз жұмысын бастады.

Қазір комиссия мүшелері айтып жатқан жəне қарапайым халықтан келіп жатқан ұсыныстардың барлығы штабта талқыланып, ол бойынша 21-мамырдағы отырыста қорытынды шығарады. Оған қоса, комиссияның call-орталығы жұмыс істейді. Телефон нөмірі — 1434. Бұл нөмірді де өткен сенбі күні жария еткенбіз. Содан бері, яғни, бір апта ішінде, осы нөмір арқылы аймақтардан 700-ден астам ұсыныс қабылданды , – деп мəлімдеді Бақытжан Сағынтаев.

 Бірінші вице-премьердің уәдесіне сйкес, «Ешбір ұсыныс қараусыз қалмайды».

«Жер мәселесіне қатысты ұсыныстардың барлығы комиссияның қарауына шығарылады. Сонымен қатар, əлеуметтік желілердегі және бұқаралық ақпарат құралдарында жазылып жатқан ұсыныс-пікірлердің барлығы қаралып жатыр. Əрбір адам осы жанды тақырып жайлы өзін толғандырған ойын жеткізе алады. Елбасы атап өткендей, жер үшін шын жаны ауыратын адам өз ойын ашық айтуы керек», – деді ол

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз