«Жолда балалардың жарақат алу оқиғалары азаймай отыр. Сол үшін біз мектеп оқушыларының алғашқы әскери дайындығы аясында жол ережесі мен көлік жүргізуді үйретеміз. Мектеп түлектеріне көлік жүргізу курсынан өткені туралы куәліктер беріледі. Ал мұғалімдердің өздерін қайта даярлықтан өткізуге бізде қаражат бар», – деді Сағадиев.
Министрдің сөзінше, биыл осы мәселе бойынша ҚР Қорғаныс министрлігімен келісім жасалды.
«Балаларға көлік жүргізуді үйрету 2017 жылдан басталады», – дейді Сағадиев.