Бокстан Олимпиада чемпионы, «Астана Арланс» клубының бас менеджерi Серiк Сәпиев Рио Олимпиадасында қазақстандық боксшылар кем дегенде бір алтын медаль алады деген үмітте.
Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.
Серiк Сәпиев ҚР Бокстан ұлттық құраманың бас бапкерi де «алтын» алуды жоспарлап отырғанын айтады.
«Қиын болатыны түсінікті. Бiрақ, бұл олардың қолынан келедi деген сенiмдемiн. Өзiм де Рио Олимпиадасына барып, спортшыларға қолдау көрсетемiн», – деп түйіндеді ол.
Айта кетейік, Рио-де-Жанейродағы Олимпиада биыл 5-21 тамыз аралығында өтеді.