Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Сәкен Майғазиев: Хор-хор шексе үндемей, мешітке барса сөгеміз (фото)

Әлеуметтік желіде белсенділік танытатын Сәкен Майғазиев кезекті жазбасын бөлісті. Әнші өзінің мешіт алдында түскен суретін желі қолданушыларының сынап тастайтынын білсе керек. Себебі, ол бұл жолы алдын ала ақталуды жөн көрді.

“Хор-хор шегіп, ішімдік ішіп отырған суреттерді жарияласа, үнсіз парақтай береміз. Мешітке барып, мұсылмандыққа бет бұрса, “зачем, показуха…” дейміз. Неге? Жәй әңгіме болсын деп жазып отырмын. Жұмадағы дұғаларыңыз қабыл болсын”, – дейді Сәкен Майғазиев.

Әншінің бұл сөздерін тыңдармандары да қолдай түсті. “Айта берсін! Ештеңе елемей жүре беріңіз. Мен сізді тақуа деп білемін. Сізге жағымсыз әңгіме жазатын қазақтарға сөзім жоқ!”, “Ниетіңіз қабыл болсын! Сол хор-хор тарту – сән болды ғой. Біреуден “Не істеп жатырсың?” деп сұрасаң, “Хор-хор шегіп отырмын” деп жауап қайырады”, “Жастарымыздың мешітке барып, имандылыққа бет бұрғандары дұрыс. Сәкен мырза, сіз секілді аға буындар жол сілтеп отырсыншы” деп жазады олар.

15043608_573949999472088_4791658445348536320_n-1

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз