Нұр-Сұлтан
Қазір
19
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Сөйтеді ғой! Есентаева мен Жорабаева желідегілерді қосылып ұрысты

111

“Неге осы кейбір адамдар біреуден мін іздеп отырады екен?! Сол мінді көре қалса, жерден жеті қоян тапқандай қуанып, тез арада соны жариялауға асығады. Димашымыз бір жарым миллиардтан астам xалқы бар, сол xалықтың сүйіспеншілігіне бөленген “Мен” деген әншілерін басып озып өнер көрсетіп жатыр. Ол жерде барлық конкурстар сияқты 2, 3 ән ғана айтпайды. 16 күнде 16 ән. Яғни 16 образ! Және ол образды режиссёрдің талабымен, көзқарасымен жасайтын арнайы стилисттер бар! Үйде отырып алып ақыл айтқанға құмар болмайықшы!

Егер сол ақылшылар Димаштан мықты болса, неге үйде отыр? Неге Димаш сияқты бәйгеге түсіп, тіпті өз салаларынан бәйгелерге қатысып, сол бәйгені неге жеңбейді? Жарайды, тіпті өнер саласы болмай-ақ қойсын, спорт, басқа да салаларға сондай сын айтқыштар көп! Керісінше бәйгеге түсіп көрген, өмірде біраз белестерге қол жеткізген адам ондай сын айтпайды. Керісінше қолдау көрсетіп, қосыла қуанып, оның бәріне жету үшін қаншама еңбек, күш жұмсалғанын сезіне алады… “Біткен іске сыншы көп” деп бекер айтылмаған екен ғой. Айналайын Димашжан, тек қана алға! Алла қолдасын сені! Бәрібір сен мықтысың”, – дейді Алтынай Жорабаева.

Оның осы сөздерін Баян Есентаева қоштай түсті. Тіпті, аталған жазбаны өзінің парақшасында бөлісті. “Құрбымды қолдағым келді”, – дейді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз