Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
3
USD
424
+1.83
EUR
497
+0.08
RUB
5.57
+0.04

Руслан Күлікбаевтың әрекетіне отбасындағы қиындықтар әсер етті – ұстазы

Ұстазының аты Гүлсім Әлмағамбетова екен. Сөзіне қарағанда, Руслан мектептегі тәртібі түзу, оқуы озат оқушылардың бірі болған. Ортасына да сыйлы болыпты. Сыныптастарымен жақсы араласқан.

– Күлікбаев 9-шы сыныпта оқып жүргенде оның отбасында үлкен қиындықтар болғанын білемін. Міне, осы қиындықтар оның көзқарасының өзгеруіне алып келді. Отбасындағы келеңсіз жағдай оның өмір жолына да әсерін тигізді

– дейді ұстазы.

Алайда бір кезгі оқушы, ал бүгін лаңкес деп танылып отырған Русланның отбасында қандай қиындықтар болғанын ашып айтпапты.

fe9c23a76ebcbe6e9493da9d5bb733b4bcd35f5aГүлсім Әлмағамбетова Руслан Күлікбаев бастауыш сыныптан жоғары сыныпқа көшкен кезден бастап оның сынып жетекшісі болған.

Руслан көпбалалы отбасына өмірге келіпті. Өзінің алдында әпкесі мен ағасы бар екен.

Айтпақшы, спортқа да жақын болған. Тағы сол ұстазының айтуынша, Шымкент, тіпті Ташкент асып жүлделі оралған кездері бар екен. Бұдан сырт мектеп өміріндегі қоғамдық жұмыстарға да араласқан.

“Оқушы кезінде оның бойынан күдік туғызатын дүниелерді байқаған жоқпыз. Бар білгенім, отбасында өте үлкен қиындықтар болды. Өзін соңғы рет осыдан 8-9 жыл бұрын, кішігірім колледжде оқып жүрген кезінде көргенмін. Одан беріде естігенім Алматыдағы атыста адам өлтірді дегені…”,

дейді ұстазы.

Ұстазының сөзіне қарағанда Руслан өзінің колледжге түскенін мақтан тұтқан. Өзінің колледжге түскені туралы жақсы жаңалықты ұстазына айтқан. Күлікбаевтың Алматыда атыс ұйымдастырғанын жаңалықтардан естіпті.

Айта кетсек, Русланның келіншегі күйеуіне мүлде басқа баға берген болатын. Әйелінің сөзінше, күйеуі оны пәрәнжә киюге мәжбүрлеген.

Алматыдағы атыс 6 адамның өмірін жұлып кетті

Ішкі істер министрі Қасымов Күлікбаевтың әрекетін “полицейлерден кек алмақ болған, сол себепті де Алмалы аудандық полиция басқармасына шабуыл жасаған” деп бағалады.

 

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз