Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
23
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Рулас жігітке тұрмысқа шыққым келеді. Қазақтың салты неге қатігез?

200

Ғашық қыз былай дейді:

«Ағайын болсақ та, үмітімді үзген емеспін. Бұл тағдырдың соншалықты қаталдығын-ай! Ол сыныптасым еді. Шынымды айтсам, кейде мектепке сол үшін баратынмын. Бір күн сабаққа бармасам, дидарын көруге асығып, сағынамын. Әке-шешем ұрысса да, сынып кештерінен қалмаушы едім. Сол махаббатым үшін сабақты жақсы оқуға тырысатынмын. Оның алдында сөз есту мен үшін өліммен тең болатын.

Ол да мені сүюші еді. Осы қалыпта қанша жақын болсақ та, екеуміз ағайын екенімізді ұмытпағанбыз. Бірақ, бірге болғымыз келеді.

Үйленіп бала сүйгіміз келеді. Бірақ рулас, аталас болған соң амалсыз тосылып қаламыз.

Өзбек қандай бақытты десем. Көрші өзбектерде ондай жоқ көрінеді.

Жұрттың сөзіне қарасақ, қазақтан басқаның бәрінде ағайын-туыстары бір-біріне үйлене беретін сияқты.

Ал бізде «жеті атаға дейін жол жабық» ондайға. Неткен қатігездік?

Сонда, біздің махабатымыз рудың жолында құрбан бола ма? Қайтеміз?».

Иә, бұл Әсел деген қыздың жазбасы. Бұған не дейсіздер…?

Аян Мырзабек

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз