Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Ұрпақсыз қалдыра жаздады”. Оралда оқушының шабынан тепкен ұстаз сотталды

Кәмелет жасына толмағандардың істері жөніндегі облыстық соттың төрағасы Тельман Ибрашев соттың бірнеше рет көшпелі отырыс өткізгенін, онда барлық куәгерден жауап алынғанын хабарлады. Сөйтсек, мұғалім мен оқушының арасындағы төбелеске тағы бір оқушы себеп болыпты.

Осы мектептің тарих пәнінен беретін мұғалімі Рауан Хадешов футбол алаңына мас күйде келген. Мас мұғалім футбол алаңында кімнің қалып, кімнің кететінін айтып, тәртіп орнатпақшы болыпты. 10-сыныпта оқитындардың бірі Еділ Мақсотов мұғалімнің бұйрығын орындаудан бас тартып, қарсы сөз сөйлеген. Бұл сөзді сотталушы мұғалім Айдос Ғабдулкәрімов естіп қалған. Ол бастапқыда оқушының бетіне соққы жасаған, кейін шабынан тепкен.

Бала облыстық балалар ауруханасына “аталық безінің зақымы” диагнозымен түскен. Балаға шұғыл ота жасалған, алайда дәрігерлер оның ұрпақсыз қалуы мүмкін екенін айтып отыр.

Оқиғадан кейін Айдос Ғабдулкәрімов өз қалауымен жұмыстан кеткен. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы, “Кәмелет жасына толмағанға қатысты денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру” бойынша іс қозғалған.

Ал сотта Ғабдулкәрімовтің зардап шеккен балаға моральдық және материалдық шығын ретінде 2 миллион теңге өндіріп бергені және отбасымен татуласқаны белгілі болды. Алайда оған сот 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Бұрынғы мұғалім жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтейді.

Сотталушының адвокаты бірінші инстациядағы соттың шешіміне шағым түсіретінін, себебі қорғауындағы азаматтың баланың денсаулығына жазылмас зақым келтіру ниеті болмағанын айтты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз