Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Роналду – тәкәппар”. Португалиялық футболшы тағы да сынға ұшырады

https://kaz.365info.kz/boks-aleminin-anyzy-myhamed-ali-bygin-tynde-kop-adam-esi-shygyp-olip-ketu-mymkin-329154

“Роналдудың бас тартуы туралы сөйлегім де келмейді. Мұның бәрі менің сөзім шын болғанына дәлел: Роналду – тәкәппар, оны өз командамда ешқашан көргім келмейді. Оның ойы: ұтамыз ба, жоқ па, бастысы мен гол салсам болғаны”, – деп келтіреді Даличтің сөзін Four Four Two.

Мұның алдында ESPN басылымы португалиялық футболшы жыл ойыншысы ретінде “Реалдағы” бұрынғы әріптесі хорватиялық Лука Модрич болатынын естіп, бармай тастағанын хабарлаған. Басылым мәліметінше, футболшы Туриннен тікұшақпен бармақ болған. Салтанатты шара өтетін залда Роналду мен айналасындағылар үшін алты орын белгіленген екен. Алайда шараға екі сағат қалғанда футболшы үздік ойыншы Модрич болатынын естігендіктен, марапаттау рәсіміне бармайтын болып шешкен.

https://kaz.365info.kz/til-tigizip-ufc-zhyldyzy-konor-makregor-kharsylasy-habib-nurmagamedovtyn-maskharasyn-shygardy-foto-329182

УЕФА марапаттарын табыстау 30 тамыз Монакода өтті. Барлық марапат 2017/2018 маусымында “Реал” құрамында Чемпиондар лигасын ұтқан футболшыларға табысталды. Роналду ең үздік шабуылшы деп мойындалды.

УЕФА тұжырымы бойынша жыл ойыншысы атанған Модрич Хорватия құрамасының сапында 2018 жылғы әлем чемпионатының финалына дейін жетіп, мундиальдің үздік ойыншысы ретінде “Алтын допты” иеленді.

https://kaz.365info.kz/tozakhtan-shykhkhan-mejvezer-nurmagomedov-pen-makgregordyn-zhekpe-zhegine-khatysty-ojyn-ajtty-329760

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз