Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Өркен Азаматұлын өлтірген күдіктілердің суреті жарияланды (фото, видео)

265

Бұл суреттер 31 телеарнада жарияланды.

 

Бұл – өгей шеше, 1980 жылғы Шәрипа Ақбердиева. Одан кейінгісі – 1997 жылы туған Айдана Ақбердиева Шәрипа Ақбердиеваның туған қызы. Қатарларында Шәрипа Ақбердиеваның 1995 жылғы туған ұлы Темір Ақбердиев те бар. Содан кейінгісі таксист боп жұмыс істейтін – 1990 жылғы Руслан Мүтәлиев.

Бесінші күдіктінің суретін полиция жарияламады. Өйткені ол – кәмелет жасқа толмаған 2000 жылғы, 9-сынып оқушысы Қадыржан Гулямов.

Тексере келгенде белгілі болғандай, басты күдікті Тимур Ақбердиев алдында істі болған екен.

«2016 жылдың 25 шілдесінде Абай аудандық ішкі істер департаментіне жергілікті тұрғын шағым түсірген. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, яғни „Ұрлық„ бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі қолға алынған. Бұл іске қатысты 1995 жылғы Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны ұсталған. Күдікті Ордабасы ауданында тұрады. Бұл іс тараптардың ымыраласуына байланысты тоқтатылған», — дейді ОҚО ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова

Еске сала кетелік, Өркен Азаматұлының жоғалғаны туралы 19-қаңтарда апасы хабарлаған, өйткені Өркен апасымен бірге тұрып жатқан. Тергеу болжамы бойынша, баланы өлтірудің себебі — кек алу. Өйткені отбасы ажыраспақ болған. Бала жоғалғанда өгей шеше бастапқы 3 күн түк білмегендей, жүре берген. Артына күдікке ілініп, сұрауға алынғанда баланың денесі көмулі жерді көрсеткен. Кейбір мәлімет бойынша, ол өзімен ажыраспақ болған күйеуінен кек алу үшін Шымкенттен туған баласын шақыртып, өгей баласын өлтіру үшін оған 100 мың теңге ақы ұсынған. Алайда қамауға алынған олар қазір өз кінәларын мойындамай жатқан көрінеді.

Өркен Азаматұлының шешесі 1 жас 4 айында ажырасып кеткен. Ұлы 8 жасқа келгенде ол тұрмыс құрмақ болып баланы әкесіне әкеліп тастаған екен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз