5-19 қыркүйек күндері Рио-де-Жанейрода XV жазғы Паралимпиада ойындары өтеді, оған Қазақстан құрамасы қатысады.
Бұл туралы Қазақпарат хабарлады.
Лондонда өткен ойындарда Қазақстаннан 7 атлет-паралимпиадашы қатысты. Биыл еліміздің намысын 10 спортшы қорғайды.
Пауэрлифтинг бойынша Гүлбану Әбдіхалықова, Вадим Дукарт, Раушан Қойшыбаева, жүзу бойынша төрт спортшы – Әнуар Ахметов, Роман Агалаков, Зүлфия Ғабидуллина, Наталья Звягинцева, дзюдодан – Әнуар Сариев, жеңіл атлетикадан – Аманат Қалқаев, садақ атудан – Александр Медведевтер қатысады.