Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Риодағы Олимпиадада Қазақстанның көк туы көтерілді

255

Алты құрлықты өзіне қаратқан Бразилияда қазір қызу дайындық жұмыстары жүруде деп хабарлады 24.kz. Алдымен дәстүрге сай жарысқа қатысушы мемлекеттердің тулары желбіреп, олимпиада қалашығында әнұран шырқалды.

Қазақстаннан бөлек Испания мен Түркияның және Сейшель мен Чад мемлекеттерінің тулары да ілінді. Ұйымдастырушылар шағын іс-шараны мәдени концертке ұластырып, Бразилияның тарихынан сыр шертетін билерімен бес елдің спортшыларына өз өнерін паш етті.

Қазақстандық делегация атынан Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Сәкен Мұсайбеков олимпиада қалашығының басшысына естелік сый тарту етті.

Айта кетейік, 5 тамызда жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты, ал 21 тамызда Олимпиаданың жабылу рәсімі өтеді деп күтілуде. Байрақты додада Қазақстан намысын 104 спортшы қорғайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз