Рио-де-Жанейро Олимпиялық ойындарындағы бірінші әлем рекорды жасалды. Оңтүстік Корея спортшысы Вуч-Жин Ким садақ атудан оқ бойы озық шықты.
Ол 5-тамызда өткен садақшыларды іріктеу жарысында 72 талпыныстан 700 ұпай жинап, бұған дейінгі көрсеткішті 1 ұпайға жақсартты.
Осы сынға қазақстандық садақ атушы Сұлтан Дүзелбаев та қатысты. Ол – Қазақстан құрамасынан Олимпиада жарысының алғашқысы болып бастаған спортшы. Сұлтан Дүзелбаев 648 ұпай жинап, көштің 48-орнына табан тіреді.