Рио-де-Жанейрода 87 елдің спортшылары Олимпиада медальдарын жеңіп алды. Осылайша Олимпиада ойындары тарихында медаль олжалаған мемлекеттер саны рекордты көрсеткішке жетті.
Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.
Сенбі күні тхэквондодан 80 келіден жоғары салмақта сынға түскен нигериялық Иссуф Абдулразак «күміс» еншіледі. Осылайша бұл ел биылғы Олимпиада ойындарында медаль алған 87-ші мемлекет болды.