Бейжің және Лондон олимпиадаларының қазақстандық чемпиондары төңірегінде туындаған допинг дауына байланысты қазақстандық зертханаларда допингке қарсы бақылау күшейтілді.
Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дене шынықтыру және спорт комитетінің төрағасы Е.Қанағатов мәлімдеді.
«Қазір Олимпиада алдында зертханаларда сынақ өткізіп жатырмыз, дауға байланысты бұл жұмысты күрделендіре түстік. Барлығы біздің зертханада тесттен өтеді. Егер тыйым салынған зат табылса, спортшыны Олимпиада ойындарына жібермейміз», – деді ол.