Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
506
0.00
EUR
551
0.00
RUB
5.89
0.00

Ресейлік тележүргізуші Ксения Собчак Путиннің рұқсатымен президенттік сайлауға түспекші (видео)

Ол президенттік сайлауға қатысу арқылы “барлығына қарсы дауыс беру” мүмкіндігін сайлаушыларға ұсынуды көздейді.

“Ксения Собчак – барлығына қарсы үміткер”, – деп мәлімдеді тележүргізуші.

Собчактың президенттік сайлауға үміткер болатыны қыркүйек айының басында белгілі болды. БАҚ мәліметіне қарағанда, тележүргізуші президент Владимир Путин әкімшілігінің рұқсатымен сайлауға бара жатыр.

Собчактың өзі Кремльмен келісімі бар дегенді жоққа шығарды. Сайлауға қатысқысы келетін оппозиционер Алексей Навальный тележүргізушіні сынап, “карикатуралық либерал үміткер” деп атады. Собчак Навальныйды оппозицяның ыдырауына айыпты деп сынады, дегенмен “күш біріктіруге” шақырды.

Петербургтың бұрынғы басшысы Анатолий Собчактың қызы 2004 жылдан бері ТНТ телеарнасының “Дом-2” шоуын жүргізген. Жақында Собчактың әкесі туралы деректі фильм түсіретіні, оған Ресей президенті де қатысатыны белгілі болды.

https://youtu.be/qh9ihAiL9u8

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз