Әнші Ерке Есмахан өзінің жеке өмірінде өзгерістер орын алып жатқанын мәлім еткеніне біраз болды. Ал кеше Ресейдің астанасы Мәскеуден бір-ақ шыққан сұлу әнші онда жүрек мәселесін шешуге барғанын айтып, ағынан жарылыпты.
Бұл туралы Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды.
“Соңғы кездері, өмірімде “өзгерістер” өте көп болып кетті! Ой жинап, ақыл мен жүректің қалауын ұштастыру үшін Мәскеуге келдім! Біраз боламын енді осында”, – дейді Ерке.
Сөйтіп мына бір суретті желіге жүктепті.
Суреттен көрініп тұрғандай дастарқан екі адамға жайылған. Ал суретте сұлуымыздың төсектен енді тұрған беті екен. Осыны байқап қойған желідегі жұрт
Ерке Ресейдің олигархымен көңіл қосты деп шуласып жатыр.
Кейбіреулер қалжыңдасып, сұлу бикештің жанындағы құпия адам оның әріптесі – Төреш шығар деп қалуда.