Ресейлік билік басындағы топтардың кейбір өкілі сәуір айында COVID-19-ға қарсы тәжірибелік вакцина салдырды.
Вакцина салынғандардың бірі басылымға берген түсініктемесінде өзін жақсы сезінетінін, ешқандай жанама әсерлерін байқамағынын айтты. Бірақ сынақтың кейбір қатысушылары бұлшықеттерінің ауырсынғанын және дене қызуының көтерілгенін жеткізді.
Bloomberg басылымы вакцинациядан өткен адамдардың аты-жөнін жарияламады, бірақ басылым бұл тұлғалардың екпе салдырғаны туралы ақпаратты растай алды.
Жақында Ресей Қорғаныс министрлігі Гамалеи атындағы ұлттық зерттеу орталығы әзірлеген коронавирус вакцинасын сынақтан өткізгенін және сәтті нәтижелерге қол жеткізілгені туралы есеп берді.