Ресейде жол апатына түскен екі қазақстандық азамат ауыр халде.
Жол апаты Саратов облысында болды. Қазақстаннан шыққан автобус пойызбен қақтығысып, соның салдарынан 5 адам бақилық болды. Автобуста 7 жолаушы болған. Көз жұмғандардың бәрі – Өзбекстан азаматы. Автобус жүргізушісі мен көмекшісі – қазақстандық азамат. Екеуі де ауыр халде аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.
Апатқа қатысты тергеу жүріп жатыр. Бұған дейін қазақстандық жүргізушінің жеті жылға дейін сотталуы мүмкін екені хабарланған.