Ресейде шамамен 1 миллион рубльге, яғни 5,5 миллион теңгеге Қазақстанның жері сатылды. Нақтырақ айтқанда, ол – ядролық сынақ алаңы кезінде жермен-жексен болған Семей облысы, Абай ауылы, Қарауылдың балшық боп қатқан топырағы екен.
Бұл туралы “Алтайская правда” порталы хабарлады. Бұл олжасын сатылымға шығарғанын ресейлік 20 қыркүйекте Avito сайтында жариялаған.
“Коллекция жинаушыларға нағыз таптырмас дүние. Мұражайға қоюға болады. Мына әйнектің ішінде балшық бар”, – делінген Барнауыл тұрғынының жазбасында.
Айта кетелік, 1949 жылы 29-тамызда таңертеңгі сағат 6.30-да Семей облысы Абай және Абыралы аудандарында халыққа алдын ала ескертілместен қуаттылығы 22 килотонна болатын ядролық сынақтың бірінші жарылысы жасалды. Сынақ 40 жыл бойына үздіксіз жалғасты. Мәселен, 1953 жылы ядролық сынақ кезінде Қарауыл ауылында қалып кеткен 40 адам сол мезетте көз жұмған.