Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ресей Тәжікстанды Еуразиялық одаққа қосуға жанталасып жатыр

Тәжікстанның стратегиялық зерттеулер орталығының директорының орынбасары Сайфулло Сафаров Озоди радиосына (Азаттықтың тәжік қызметі) қазіргі жағдайда Тәжікстан Еуразиялық экономикалық одаққа кіруге асықпайды дейді. Оның айтуынша, егер Ресей Тәжікстан одаққа қосылған алғашқы жылдары кеткен шығынның орнын толтыратын болса, онда ешқандай проблема болмайды. Атап айтқанда, елдің бюджетіне кеден салығынан жиналатын ақшаның орнын толтыру керек. Ұйымға кірген жағдайда, кеден қызметінен ақша түспейді.

Биылғы жылы кеден салығы бойынша бюджетке түсетін ақшаның көлемі 684 миллион 670 мың сомониды құраған. Сарапшылар пікірінше, Тәжікстан одаққа мүше болған жағдайда, аталған қаржының негізгі бөлігі бюджетке түспейді. Екінші жағынан Тәжікстанда ресейлік ірі компаниялар шағын тәжік компанияларының орнын басады, бәсекелестік жойылады. Бұл қазір Қазақстан мен Қырғызстанда байқалып отыр деп атап өтеді сарапшылар.

Үш жыл бұрын Тәжікстанның сауда және экономикалық даму министрлігінде елдің одаққа кірудің пайдалы және зиян тұстарын зерттейтін жұмыс комиссиясы құрылған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз