Ресей НАТО-ның күш тепе-теңдігін өзгерту жөніндегі іс-әрекеттеріне, соның ішінде «Еуропада АҚШ/НАТО зымыранға қарсы жоспарларын жүзеге асыру» жобасына түсініктеме беруін сұрады. Бұл туралы РФ СІМ ресми өкілі Мария Захарова мәлімдеді.
Дипломатиялық құжатта Мәскеудің Ресей – НАТО Кеңесінің 13 шілдеде Брюссельде өтетін жиынында осыны түсіндіріп беруін қалайтыны айтылған.
Сенбі күні Варшавада аяқталған НАТО саммитінде АҚШ президенті Барак Обама Ресейдің Украинаның шығысындағы әрекеті бейбіт Еуропа идеясына қауіп төндіреді деп мәлімдеп, Украинаның егемендігі мен аумағының тұтастығын бұзғаны үшін Мәскеуді айыптады.
Ресейді Еуропаның шығысында тежеу үшін, Солтүстікатлантикалық одақ елдерінің басшылары Польша мен Балтық елдері аумағында 4 көпұлтты батальон орналастыру туралы шешім қабылдады. Дей тұрғанмен, НАТО басшысы Йенс Столтенберг қырғи-қабақ соғыс жылдарына қайта оралмас үшін, Ресеймен тіл табысу қажеттігін саммит кезінде бірнеше мәрте атап өтті.