Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Ресей билігі Байқоңырдан кетпейтіндерін мәлімдеді

Рогозин Қазақстан қаржысына салынған медициналық блоктың іске қосылғанын да хабарлады.

Қазақстан вице-премьер Бақытжан Сағынтаев осы жиында Ресей Байқоңырдан 2025 жылдан кейін кетуі мүмкін екенін айтты.

«Интерфакс» агенттігі Сағынтаевтың “Біз Восточный айлағынан алғашқы зымыран ұшырылғанын көріп отырмыз. Енді Ресей біртіндеп өз айлақтарына көшетінін түсінеміз. Шамамен 2025 жылы Ресей Байқоңырды пайдаланудан бас тартуы мүмкін” деген сөзін таратты.

Мәскеуде журналистерге сұхбат берген ол Қазақстанның Байқоңырды басқа елдерге жалға беруі мүмкін екенін айтқан.

Ресей Байқоңырды 2050 жылға дейін жалға алған. Сағынтаевтың мәліметіне қарағанда, Ресей Байқоңырды жалдағаны үшін Қазақстанға жылына 120 миллион доллар төлейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз