Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

«Ресей + Беларусь» — жан-жақты бірігу кейінге қалдырылды

158

Кездесу Мәскеудің қазіргі Беларусь басшылығына қолдау көрсететінінің айқын дәлелі болды. Тараптар одақтық мемлекет шеңберіндегі міндеттемелерге бейілділігін растады. Алайда сенсациялық интеграциялық бастамалар айтылған жоқ.

Ресейдің 1,5 миллиард доллар көлемінде мемлекеттік несие бөлуі Беларуське жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін көрсетеді

Белорусьтегі жағдай бақылауда

Келіссөздің қорытындысы бойынша, ресей-белорусь шекарасына жақын маңдағы құқық қорғау органы мен ұлттық гвардияның резерві «Славян бауырластығы-2020» оқу-жаттығуларынан кейін қайта құрылады деп мәлімделді.

Ауыс-түйістің қиындығы: Келімбетов пен Жұманғариннің тағайындауларының соңында не тұр?

Мұндай шешім Мәскеудің Беларусьтегі «жағдай бақылаудан шықпайды» деген сенімін көрсетеді.

Ресейдің қолдау деңгейі Минск пен Мәскеу арасындағы диалогқа әсер ететіні сөзсіз. Премьер-Министр Михаил Мишустиннің қыркүйек айындағы Беларуське сапары мұны айқын көрсетті.

Газға қатысты ымыра

2020 жылдың тамызында Александр Лукашенко Ресей Беларусь үшін энергия бағаларын әділетсіз белгіледі деді. Алайда РФ премьер-министрі бастаған өкілдік делегацияның сапарынан кейін тараптар ОЭК саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша нәтижеге қол жеткізді.

Серіктестер Беларусьтің  ресейлік газға қатысты 328 миллион долларлық қарызына және «көк отынға» болашақ баға белгілеу бойынша ымыраға келді.

Сонымен қатар, Минск Ресей бағыттары бойынша елде өндірілген 3-4 миллион тонна мұнай өнімдерін жеткізуді қайта бағыттау мәселесін белсенді түрде қарастыруда.

Мәселе  Клайпедадағы порт арқылы өтетін бағыттың орнына Усть-Лугтағы порт қуатын пайдалану туралы болып отыр.

Бұл Қазақстан үшін тиімді

Қазіргі қарама-қайшылықтарға қарамастан, сондай-ақ энергетика саласындағы мәселелер шиеленіссе де Ресей мен Беларусь одақтастығын тоқтатпағанын мойындау керек.

Минск үшін Мәскеу негізгі сауда серіктесі болып қала береді. Оның 2020 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша тауар айналымындағы үлесі 48%-ды құрайды. Бұл тұрғыда Ресей-Беларусь тандемі өзінің өміршеңдігін сақтайды деп күтуге болады.

Еуразиялық интеграциялық бастамалар шеңберінде Ресей мен Беларусьтің серіктесі Қазақстан үшін көршілер арасындағы тұрақты достық байланыстарды сақтау аса маңызды. Беларусьтегі ішкі саяси дағдарыстың «Еуразиялық бестікте» алауыздық туғызбағаны ЕАЭО тұрақтылығы туралы айтады. Бұл ҚР мүддесіне сай келеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз