Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Құран оқудан қыздар арасында жарыс өтті

233

20160511133839Сайысқа Құранның 1, 2, 3, 5, 10  параларын жаттаған әр жас шамасындағы қарилар қатысты. Қатысушылардың Құранды жаттауы, Құран оқу ережелерін сақтауы, аяттардың тәпсірін меңгеруі, сүрелердің аудармасын білуі сынды қабілеттерін қазылар алқасы жан-жақты саралап, әділ бағасын берді.

Елімізде тұңғыш рет өткен республикалық Құран жарысында 10 пара бойынша Оңтүстік Қазақстан облысынан келген Айгерім Анарқұл І-орынды иеленді. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы оған 450 мың теңгенің сертификатын салтанатты түрде табыстады. Ал Айша Ілеспек (Астана) қариға екінші орын бұйырды. ІІ-орынның жүлдесі – 370 мың теңге. ІІІ-орынға лайық деп табылған Гүлзар Тұрғанжан қариға («Нұр-Мүбарак» университеті) 300 мың теңгенің сертификаты табыс етілді. Сонымен қатар, жарысқа қатысқан барлық қариларға ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

Игі шарада Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жүлделі орындарға қаржылай қолдау көрсеткен дін жанашырларына және ұйымдастыру алқасының мүшелеріне ризашылығын білдіріп, оларды  алғысхаттармен марапаттады.

«Ислам әйелдің мәртебесін көтерді. Ислам дінінде ең құрметті жандар – аналар. Діни басқарма еліміздегі нәзік жандылардың дінімізді терең оқып үйренулеріне барлық жағдайды жасап келеді. Ардақты жандар Ислам дінін білсе, үйренсе дейміз. Халқымызда: «Ұлтыңды тәбиелеймін десең, қызыңды тәрбиеле» деген нақыл сөздер тектен-тек айтылмаған. Алла жазса, жақын арада қыздарға арналған қарилар орталығын ашуды жоспарлап отырмыз», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Ал өз кезегінде бірінші орын иегері Айгерім Анарқұл Құранды бір жыл ішінде жаттап алғанын айтты.

«16 жасымнан бастап Құран Кәрімді оқып, жаттауды үйрендім. Тоғызыншы сыныпты бітіргеннен кейін Алматы қаласындағы медресеге түсіп, Құранды оқуға дағдыландым. Кейін Ыстамбұл қаласына барып бір жылда Құранды толық жаттап келдім. Қазір қатты қуанып тұрмын. Бірінші орынды аламын деп ойламадым. Ұстазыма және осындай игі шараны ұйымдастырып жатқан ел ағаларына алғысымды айтамын», – деді Айгерім Анарқұл.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз